Соңғы кезде Қазақстанда мемлекеттiк тiл мәселесі жөніндегі пiкiрталас қайта күшіне ене бастады. Ең алдымен 27-сәуiрде өткен Қазақстан халықтарының Ассамблеясының XIX сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселенің айналасындағы шиеленістің кезекті рет тігісін жатқызуға тырысты. Президенттің айтуынша, тiл мәселесі бүгінде – саясат емес, тәжiрибенiң iсi болып табылады. Бір сөзбен айтқанда Мемлекет басшысы қазақ тiлiнің халі мүшкіл деп санамайды. Сондықтан мемлекеттiк тiл саясатындағы негiзгi басымдық – үш тілдің бірдей дамуы өзгерiссiз қалмақ.
Ал осы айдың басында мәдени интеллигенция өкiлдерiнiң «қазақ тiлi туралы 10 сұрақ және одан да басқа…» атты жариялаған үндеуi жоғарыдағы ресми позицияға қарсы жауап болды. Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан және үндеудің тағы басқа авторлары орыс тiлiнiң үстемдiк етiп және оның мемлекеттiк тілге айналып бара жатқанын, орыс тiлiн жетік білмейтін азаматтар кемсiтілетінін, көптеген шенеунiктердің өз мiндеттерiн қазақ тілін білмей орындайтынын және ел басқару ісі Ресей пiкiрiне тәуелдi деген ойларын айта келе осы тақілеттес проблемаларға қынжылыс білдіреді.
«Мұндай шиеленістің қажеті не?» деген сұрақ туады. Қазақстан 20 жыл толық құқықты, егемендi мемлекет болып дамып келеді. Дегенмен оны бірқатар саяси және экономикалық факторларға байланысты жүз пайыз тәуелсiз немесе жеткiлiктi дәрежеде деп айтуға болмайды. Бiрақ бұл айтылғандар елдің сыртқы саясатына қатысты. Ал iшкi саясатта тілді алсақ та, басқасын айтсақ та ешқандай шектеулер жоқ. Оның үстіне қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесi және тұрғындардың этникалық құрылымындағы қазақтардың саны басым екені айқын.
Жақында мен қазіргі кездегі позитивтi ойлауды насихаттаушылардың бірі –белгiлi украиналық психолог Валерий Синельниковтің үш күндiк семинарында болып қайттым. Оның пiкiрiнше, әр адам өзін-өзі құрады. Бiрақ барлығы оның екi түрлі ойлай алатын санасына тәуелді. Яғни: «құрбан – жендет» және «өмірдің қожайыны». Бiрiншісінің мінездемесі мынадай: «Құрбан өзінен өзі басқа ұлт өкілдерінен, көршiлерден, ауа-райынан, қолданыстағы заңдардан, өкiметтен және тағы басқалардан үнемі зардап шегеді. Тiзiмді жалғастыруға болады. Айналаның барлығы оның бейнеттерiне кiнәлi. (http://www.v-sinelnikov.com/index1.php?p=kodeks қарауға болады).
Шынында, адамдар өмiрi үшін толық жауапкершiлiктi өздеріне жүктей алмаған. Өз эмоцияларын басқара алмай және күнбе-күн қуану қабілетін жоғалтқан жағдайда, ондай адамдар әрдайым өздерінің нашар көңiл-күйін біреуге арту үшін «жендет» тауып алып, соны кіналаумен болады. Алайда, осының арқасында өздерi бүкіл қайғы-қасыреттері үшін кіналап жургендерге жендет болып қалыптасады. Мұндай схема біздің қазақ тiлi жағдайының айналасында артық драмалау ахуалына әбден үйлеседi. Көбiнесе, көңiл-күйлері ұқсастар өзi және өз руластарын «құрбан-халық» деп, жасанды келбет алады. Сонымен олар өз халқының басынан ерікті және еріктен тыс өткен тарихи кезеңдерді, қазiргi дамуындағы табыстарын бағаламайды. Әлдеқашан өткен отаршылық кезеңді тарихтың қаңсығы ретінде қалдырып өз өмiрiнiң қожайыны болып бүгіні мен келешегін жасайтын уақыт жетті.
Тiл мәселесіне қайта оралсақ, ол қазақ тiлiнiң тек қана Қазақстанда тұратын орыс, кәрiс, немiс және басқа ұлт өкілдерінің жеткiлiксіз білуіне тiреліп тұрмағанын атап өткiм келедi. Айтпақшы, осы туралы көптеген қазақтар туралы да айтуға болады. Мәселе анағұрлым терең жатыр.
Бiрiншiден, қазiр қазақ тiлiн меңгеруге ықпал ететін, тiлдің дамуына жағдай жасайтын бағалы мәдени негiз жоқ. Осылайша, тәуелсiздiк заманында жарық көрген әдебиет және кино өнерi шығармаларының арасында кеңес уақытында шыққан асылдармен теңеле алатыны кемде-кем. Әрине барлығы бірдей емес. Кейде қайғылы кезеңдердің өзінде құнды мұралар туады. Кеңес Одағы кезінде «Қыз Жiбек» операсы, «Абайдың жолы», «Тақиялы періште», «Қан мен тер», «Көшпенділер», «Шоқан Уәлиханов» атты кітаптар жарық көрді.Ал тәуелсiздiк жылдары ұлттық мәдени өнердің көлемі, сапасы жағынан төмендегенi және соның салдары болып қоғамды, жас ұрпақты шабыттандыру деңгейi айтралықтай төмендегенi қызық. Сондықтан көптеген қазақстандықтар ресейлiк, батыс, араб және тағы басқаларларды оқып және қарауы тегін емес. Соған сәйкес ұлттық мәдениетке және мемлекеттiк тiлге деген көзқарас қалыптасады.
Екiншiден, жаһандану әсіресе өз ықпалын жастарға тигізіп жатыр. Отандық бiлiмнiң сапасы мен қол жетімділігінің төмен деңгейi талабы жоғары жастардың қажеттi бiлiмді шетелден iздеуге мәжбүр етіп жатыр. Сайып келгенде, солардың бiреуі батысқа, дiни бiлiм алғысы келгендер жақын және Орта Шығыс елдеріне ағылу үстінде. Бiрақ олар бiлiмдерімен бiрге аталған елдердің, өзге халықтардың мәдениетін бойларына сіңіріп келеді. Жаһанданудың басқа бір белгісі – интернет, әлеуметтiк желiлер. Бүгiн көптеген адамдар тіпті интернет кеңістігінде өмір сүреді. Бүкіл дүниежүзi бойынша бір-бірімен танысып байланысады. Әр түрлi онлайн ойындар ойнайды, тағы сол сияқтылар. Сондықтан олар орыс немесе ағылшын тiлдерiн артық көреді. Осындай жағдайдан кейін көптеген адамдар Қазақстан азаматтары бола тұра басқа мәдени-әлеуметтiк және тiл кеңiстiктерiнде өмiр сүріп жатыр. Ана тiлiн толық игерсе де оралмандар – iс жүзiнде басқа психология мен мәдениеттiң тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан оларға жергiлiктi қазақтармен тіл табысу кейде тіпті қиынға түседі.
Үшiншiден, кейбір азаматтар мемлекеттiк тiл ашықтан-ашық талап етiлмеген жерлерде жұмыс істейді. Оларға одан басқа ештеңе керек жоқ сияқты. Бұл жерде негізгі мәселе адамдарда емес, ортада болып тұр. Егер қазір бүкіл мемлекеттiк аппараттың жұмысын қазақ тіліне толық ауыстырсақ та, ол бірден кәсiпкерлiк, қызмет көрсету салаларының тілі болып шыға келмейді. Әрине, қазақ тiлiн жетiк бiлмейтiн бiздiң әрқайсымызда жеке себеп бар. Дегенмен, мектептер мен ЖОО-дағы сабақ беру сапасы сын көтермейді деу дұрыс емес. Дәл сол сияқты мемлекеттiң саясаты, бiлiм, тiл және мәдениетке жауапты органдардың қызметiнің кемшiлiктерiн себеп қылған да артықтау. Ең алдымен, кез келген ұлттың адамдарында барынша позитивтi ойлауға икемi болуы, өзіндік ар-ұжданы болуы керек. Бұл жерде қысым жасалған құрбандардың түрлерi керегі жоқ.
Қорытындылай айтсақ, тiлдік ортадағы ахуалды жақсарту үшiн қазақтың ұлттық асыл мұраларын кеңінен насихаттау негізгі фактор бола алады. Әрине, бұл үдерісте басты рөлді қазақтардың өздері атқаруы керек. Сонымен қатар оған барлық этностар қатысуы қажет. Мәселені шешу үшін қазақ тілін үйретуді балабақшалардан бастауды қолға алған жөн. Негiзiнен, тiл мәселесін эмоциялар емес, нақты iстермен шешу керек. «Барлығын бірден істеу» қағидасы бұл жерге лайық емес екенін түсiнуі керек.
«Ұлт Times», № 2, 17.05.2012 г.
Андрей Чеботарев